Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы министрі Жамбылдағы бірқатар өндіріс нысандарын аралауда
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 сәуір, 2025
- 203

Өңірге ат басын бұрған Айдарбек Сапаров аймақтағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін кей нысандардың құрылыс барысымен кеңінен танысуда.
Ауыл шаруашылығы министрі «Алель Агро» АҚ-ның жаңа өндіріс нысанының құрылыс барысымен танысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Аталған нысан сағатына 9 мың, ал күніне 144 мың құстың етін еңдеуге қауқарлы болмақ.
Ет өңдеу зауытының құрылысын «Prosystems Energy» ЖШС 2023 жылы бастаған. Енді осы жылдың мамыр айында аяқтауды жоспарлап отыр.
Нысанды аралап көрген Айдарбек Сапаров бұл зауыттың іске қосылуы еліміздегі құс шаруашылығының дамуына серпін беретінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласында «Алель Агро» акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылған болатын.