сенбі, 12 сәуір, 2025 6:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыр жұмыс және ораза: Шариғаттағы жеңілдіктер

Ауыр жұмыс және ораза: Шариғаттағы жеңілдіктер
Фото: sunnaportal.com
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Ауыр еңбекпен айналысатын адам қатты шөлдеп, әлсіреп, өміріне немесе ақыл-есіне қауіп төнетін жағдайға душар болса, оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда ол кейіннен тек қаза оразасын өтейді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алайда егер адам өз әрекетімен денсаулығын әдейі әлсіретіп, оразасын бұзуға мәжбүр болса және оған ешқандай зәрулік себеп болмаса, онда ол кәффарат өтеуі керек.

Сондықтан наубайшы, егінші секілді ауыр жұмыспен айналысатындар Рамазан айында мүмкіндігінше жұмысын жеңілдетіп, түнгі уақытқа ауыстыруы қажет. Дегенмен олар таңертең сәресін ішіп, аузын бекіткен дұрыс, себебі Алла Тағала оразаны толық ұстауға күш беруі мүмкін.

"әл-Фәтәуә әл-Һиндия" кітабында:
"Егер адам ауыр еңбектің өзіне зиян тигізетінін біліп тұрып, қиналмай жатып оразасын бұзса, бұл – харам" делінген.

Сондықтан ауыр жұмыс істейтін адам себепсіз ораза ұстамай қалмауы тиіс. Ол Рамазан айының сауабынан мақрұм қалмау үшін еңбек демалысын осы айға сәйкестендіріп, жұмыс уақытын қысқартуға немесе жеңілдеу жұмысқа ауысуға тырысқаны жөн.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар