Автобустағы ұрып-соғу: Жүргізушілерге жеке кабина жасалмайды
- авторАрайлы Жақсылық
- 28 сәуір, 2025
- 214

Жүргізушілерге жасалған шабуылдардың жиілегеніне қарамастан осындай шешім қабылданды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы фракциясының депутаттары мәжілісте автобус жүргізушілеріне арналған жабық кабина орнатып, автобустардың ішіне бейнебақылау камераларын қоюды ұсынған еді. Бұл бастама қалаларда жүргізушілерге қарсы жасалған шабуылдардан кейін қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында көтерілген болатын.
«Жуырда ғана Астанада автобус жүргізушісіне бұрышты баллон қолданып шабуыл жасалды. Алматыда бір жолаушы жолақысын төлеуге ескерту жасаған жүргізушіге қол көтерді, тағы сол Алматыда үш ер адам автобус жүргізушісін ұрып-соқты. Бәрімізге белгілі, Алматыда әйел жүргізушіге жасалған шабуыл үлкен трагедияға ұласқан еді. Бұл жағдай аялдамада тұрған бірнеше адамның өліміне алып келді. Ақтауда да жүргізушіні соққыға жықты. Автобус жүргізушілері қызметтік міндеттерін атқару кезінде күн сайын түрлі жанжалдарға тап болады», — деді депутат Асылбек Нұралин.