бейсенбі, 8 мамыр, 2025 16:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айда Балаева: Қазақстанды әлемге таныта алатын тағы бір есім бар

Айда Балаева: Қазақстанды әлемге таныта алатын тағы бір есім бар
Фото: facebook.com/aqparatqogam/
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Димаш Құдайбергеннен кейін Қазақстанды әлемге таныта алатын өнерпаз ретінде жас опера әншісі Айгерім Алтынбекті атады.

Министрдің айтуынша, Айгерім шетелде білім алып жүріп, Италиядағы халықаралық байқауларда жеңіске жеткен және оның өнері әлемдік деңгейде жоғары бағалануда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

– Бізде Айгерім Алтынбек деген жас опера әншісі бар. Қазір шетелде оқып жатыр. Биыл Италияда өткен халықаралық байқаулардың бәрінде дерлік топ жарды. Қазір оны әлемдік сахнада танымал орындаушылармен бірге өнер көрсетуге дайындап жатырмыз. Министрлік үшін таланттарды тауып, оларды қолдау – басты мақсаттың бірі. Сондықтан Айгерімге де көмектесеміз, – деді министр.

Айгерім бұған дейін Ресей, Грузия, Финляндия, Литва мен Испаниядағы өнер байқауларында ел намысын қорғаған. Ол орындаған Пуччини ариялары қазылар тарапынан жоғары бағаланған.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар