Айт намазын мешіттерде оқуға тыйым салынды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігер Сархат Бейсенованың жаңа қаулысында айтылған.
Құжат мәтінінде қаулыны «Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының діни істері басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының діни бірлестіктерінің басшылары, Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары басшылыққа алу керектігі айтылған.
«Мешіттер аумағында ашық ауада өткізілетін іс-шараларды қоса алғанда, бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде «Айт намазы» ұжымдық намазын өткізуге тыйым салынсын. Және «Құрбан айт» мерекесіне арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге және қатысуға, оның ішінде үйде де өткізуге тыйым салынсын», делінген қаулы мәтінінде.
Құрбандық шалу рәсімін qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, адамдардың жаппай жиналуын болдырмай, міндетті түрде бетперде кию мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, арнайы мал сою пункттерінде ұйымдастыру қажет.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Көлсайдағы қар барысы
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024