Ал ағымдағы жылдың 6 наурыз күні Талас ауданы Қаратау қаласындағы «Үміт» қимыл-тірек аппараты бүзылған балаларға арналған мектеп-интернаты үйінің аруларына «8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне орай «Жылы жүрек» акциясы аясында гүл таратылды.
29 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясыың «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ерікті жастар Талас ауданы Қаратау қаласындағы жалғыз басты қарттардың ауласын тазалау және жабайы шөптерден тазалау жұмыстарын жүргізді. Акция барысында, ерікті жастар Қаратау қаласындағы 70-тен асқан қарт кісілілердің үйіне барып, ауласын тазалау, үй шаруасындағы жұмыстарды жүргізді.
Айта кету керек, Талас ауданы бойынша 86 жалғыз басты қарттарға үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бойынша 7 бағытта қызмет көрсетіледі. Атап айтқанда, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-еңбек бағыттары бойынша қызметтер көрсетіледі.
Мүгедектердің саны аудан бойынша -1788, І топ — 98, ІІ топ — 561, ІІІ топ — 887 мүгедек, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың саны-242-ге жетіп отыр.
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес:
Есту бойынша кемістігі бар 4 мүгедекке қолмен көрсететін 1 ымдау тілінің маманы қызмет көрсетуде, еңбек ақысына 5014,0 мың теңге қаралып, 01.05.2024 жылға 750,6 мың теңге төленді.
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттiк және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтiк мекемелерде:
— Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 17 өтініш түсіп, (мүгедектерді оңалту орталығына) барып ем қабылдады. Стационарлық жағдайда қарттар үйіне және жүйке аурулар интернат үйіне орналастырылғанға 2 өтініш түсіп, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жайғастырылды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын аясында «Мүгедек Жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанды. Бірлестік мамандары жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуге 187 өтініш қабылдап, әлеуметтік қызметкерлердің айлық жалақысына 51912,1 мың теңге болып бекітілді, оның 5416,0 мың теңгесң игерілді. Атап айтқанда жалғызілікті, жалғыз тұратын 86 қарияға, бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж 51 мүгедекке, 27 мүгедек балаларға қызмет көрсетілуде.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша 42 өтініш қабылданған. Жоспар бойынша балаларға 4320,0 мың теңге қаралып, 1225,0 мың теңге төленді.
Аудан мүгедектерін тасымалдауға, яғни жұмысқа, жергілікті өкілетті және атқарушы органдарға, сотқа, әлеуметтік сала объектілеріне, мәдени ойын сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, медициналық мекемелерге тасымалдау қызметін көрсету үшін «Шапағат» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен 11045,4 мың теңгеге «Инватакси» арнайы бейімделген автокөлік қызметі қарастырылып, арнайы бейімделген автокөлік ауданның 43 мүмкіндігі шектеулі азаматына тұрақты қызмет көрсетіп, 1000,0 мың теңгесі игерілді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Талас төріндегі тағылым
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024