Президент әкімшілігінің мәліметінше, Кеңес жарғысында көрсетілген 1 миллиард доллар көлеміндегі ерікті жарна мүшелікке кірудің міндетті шарты емес, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Atameken Business телеграм арасына сілтеме жасап.
Ол тек мемлекетке Кеңесте үш жылдан артық қалуға мүмкіндік беретін қосымша құқық ретінде қарастырылған.
Бейбітшілік кеңесіне мүше болу – әр елдің дербес шешімі. Қазақстан үшін Кеңестегі мүшелік мерзімі үш жыл болып белгіленген. Аталған Кеңесті құруды Дональд Трамп ұсынған болатын. Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жоспарының бір бөлігі ретінде қолға алынған.
Давоста өткен рәсімде Кеңесті құру жөніндегі құжаттарға Қазақстанмен бірге Әзербайжан, Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, БАӘ және өзге де елдердің өкілдері қол қойды. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың айтуынша, «Бейбітшілік кеңесі» тек Газа емес, өзге де жаһандық қақтығыстарды реттеумен айналысады.





