сейсенбі, 1 сәуір, 2025 19:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға алғашқы лицензиясын алды

Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға алғашқы лицензиясын алды
olympickz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина 2026 жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына елге алғашқы жолдаманы жеңіп алды

Әлем чемпионатында алғаш рет өнер көрсеткен Софья Самоделкина әлемнің үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына еніп, Қазақстанға қысқы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бостонда өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан алты жылдық үзілістен кейін әйелдер арасындағы жарыста Олимпиада жолдамасы үшін күресуге мүмкіндік алды. Еркін бағдарламада 24 спортшы өнер көрсетіп, алдағы қысқы Олимпиадаға жолдама үшін бәсекеге түсті.

Ақпан айында Софья Самоделкина Қытайдың Харбин қаласында өткен Азия ойындарында қола медальдан бір саты төмен қалып, төртінші орын иеленген болатын.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар