жексенбі, 18 мамыр, 2025 21:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанға суару маусымында Орталық Азия елдерінен 4 млрд текше метрден астам су келеді

Қазақстанға суару маусымында Орталық Азия елдерінен 4 млрд текше метрден астам су келеді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд, Шу және Талас өзендерінен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі.

Су ресурстары және ирригация министрлігі суару маусымын қалыпты өткізу үшін 2000 шақырым каналды тазартып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Былтыр министрлік Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі диқандарды суармалы сумен толық қамтамасыз етті. Биыл да ведомство Орталық Азия елдерімен келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 2025 жылғы суару маусымында Сырдария өзені арқылы елімізге 3,7 млрд текше метр су келеді. Шу және Талас өзендерімен 600 млн текше метрден астам су жеткізіледі», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Бүгінде «Қазсушар» кәсіпорны еліміздің 7 өңірінде жалпы ұзындығы 2011 шақырым болатын каналдарды механикалық жолмен тазартып жатыр.

Бұл жұмыс Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілуде. Бүгінгі таңда 300 шақырымнан астам канал тазартылды.

Айта кетейік, биыл «Қазсушар» филиалдары диқандармен 12,7 млрд текше метр су жеткізу үшін 27,8 мыңнан астам шарт жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда 11 700 шарт жасалды. Былтыр шаруа қожалықтарымен 23 830 шарт жасалған.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар