Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 сәуір, 2025
- 700
Олар Біріккен Ұлттар Ұйымының Бейбітшілік күштері миссиясы құрамында қызмет атқаратын болады. Дамаскке 139 әскери қызметкер жол тартып, бірінші контингент құрамын алмастырады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Барлық әскери қызметкерлер ерікті түрде таңдалып алынды. Олардың ішінде екі әйел бар. Іріктеу барысында кәсіби және моральдық қасиеттері ескеріліп, барлық талаптарға сай келген кандидаттар таңдалды. Біз өз контингентіміздің БҰҰ мандаты аясындағы тапсырмаларды орындауға дайын екеніне толық сенімдіміз", – деді Қорғаныс министрлігінің Бейбітшілік операциялары орталығының басшысы Валихан Байкенов.
Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету, патрульдеу, блокпостарды күзету, жарылыс қаупі бар заттарды жою, сондай-ақ БҰҰ персоналдарын алып жүру мен эвакуациялау жөніндегі міндеттерді орындайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






