Қазақстан Елшісі Түркиядағы даму жобаларына қолдау білдірді
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қыркүйек, 2025
- 388
Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің басшысы («TIKA») Абдулла Еренмен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, өзара
іс-қимылды ілгерілету бойынша нақты қадамдар белгіленді.
А. Ерен «TIKA»-ның атқарып жатқан қызметтері, оның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, агенттіктің «KazAid» халықаралық даму агенттігімен ортақ жобалар жүзеге асыруға ниетін білдірді.
Өз кезегінде, Е. Сәпиев «TIKA»-ның еліміздегі белсенді қызметін атап өтіп, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалардың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Түркия үшінші елдерде бірлескен жұмыстарды жүргізу мүмкіндіктеріне назар аударды.
Тараптар талқыланған бағыттар бойынша ортақтасқан жұмысты жүйелі негізде жалғастыруға уағдаласты.




