....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 2:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Румынияны жеңді

Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Румынияны жеңді
ашық дереккөзі
Қазақстан футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Румынияны жеңді
Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы матчында сырт алаңда Румыния құрамасын ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бухарестте өткен Элиталық кезеңінің A тобындағы кездесу 2:0 есебімен Рикардо Кака шәкірттерінің пайдасына аяқталды. Бірінші таймда, яғни сегізінші минутта Шыңғыс Есенаманов бірінші голды соқты. Матчтың екінші бөлігінде Біржан Оразов (26 минут) есепті қорытындылады.
Бұл кездесудің турнирлік маңызы болмады, өйткені Қазақстан 2024 жылы Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына жолдама алып қойған еді Кака командасы элиталық кезеңде 100 пайыздық нәтиже көрсетіп, 18 ұпайдан 18 ұпай жинады. Қазақстан Бухаресттегі жеңісінен бөлек, Нидерланд (2:0, 2:0) мен Әзербайжанды (4:2, 3:2) екі рет ұтты, сонымен қатар өз алаңында Румынияны (4:3) жеңді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар