Қазақстан инвестиция тартуда рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізді
- авторjambylinfo.kz
- 17 наурыз, 2025
- 115

Қазақстан ұлттық даму институттары арқылы экономикаға құйылатын инвестиция көлемін арттыруда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2025 жылы «Бәйтерек» холдингі арқылы 8 трлн теңге инвестиция құйылса, 2027 жылға қарай бұл сома 10 трлн теңгеге дейін ұлғаяды.
Шетелдік инвестициялар да тұрақты тартылуда. Соңғы 6 жылда ел экономикасына 130 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) құйылған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне салынған қаржы көлемі 72,7 млрд долларға жетті.
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы халықаралық рейтингтерде де расталып отыр:
Moody's агенттігі Қазақстанға Baa1 («Тұрақты») рейтингін берді – бұл ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
S&P және Fitch рейтинг агенттіктері елдің инвестициялық сенімділік деңгейін растады.
БҰҰ Қазақстанды теңізге шыға алмайтын елдер арасында тікелей шетелдік инвестиция тарту бойынша екінші орынға шығарды.
Үкімет экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін шетелдік және отандық инвестицияларды одан әрі тартуды жалғастырады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз