Жаңалықтар
Қазақстан Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге үлес қосады – Қасым-Жомарт Тоқаев
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2022
- 194
Қазақстан Каирдегі сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге үлес қосады – Қасым-Жомарт Тоқаев
Келесі жылы Бейбарыс сұлтанның туғанына 800 жыл толады.
Президент Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына келген «Әл-Азһар» ислам университетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебпен кездесуінде мерейтойға дайындық аясында Қазақстан сұлтан Бейбарыс мешітін қайта қалпына келтіруге айтарлықтай үлес қосатынын айтты.
Мемлекет басшысы Ислам білімінің ордасы және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы саналатын «Әл-Азһар» университетінде қазақстандық студенттердің білім алуына жасалған жағдайды да жоғары бағалайтынын жеткізді.
Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өтеді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз