Қазақстан киік етін қайда сатады?
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ақбөкендердің етін сату мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тек ел ішінде сатылады
Брифингте журналистер Сапаровтан осы өзекті тақырып бойынша қосымша ақпарат беруін сұрады. Ол ақбөкеннің етінің қанша тұратынын нақтылай алмады, бұл Экология министрлігіне қатысты мәселе екенін айтып, сатылым тек Қазақстан ішінде болатынына сендірді.
"Жануарларды аулау және ату туралы шешімді Экология министрлігі қабылдайды. Ет комбинатында біздің ветеринарлық дәрігерлер жұмыс істейді. Біз экспортқа әлі дайын емеспіз, шетелге сату үшін ет комбинаты экспорттаушылар тізімінде болуы керек. Инспекция сонда барып, сатып алуға болтанынын немесе болмайтынын анықтауы керек. Әзірге тек Қазақстан ішінде", - деді ол.Киіктер қандай залал келтірді Жуырда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде киік саны тарихи көрсеткіштен асып кеткенін мәлімдеген. Оның дерегінше, 2003 жылы киік саны бар-жоғы 21 мың болды.
«Ал 1993 жылы 1 млн 200 мың бас бар еді. Мемлекеттің қамқорлығының арқасында киік саны 1 млн 900 басқа жетті. Мұның ішіне биылғы көктемгі төлін қоспадық. Жалпы, киік – өсімтал мал. Келесі көктемде санақ өтеді. Бірақ қазірдің өзінде ең төменгі 30 пайыздық болжамды алғанның өзінде бүгінде 600 мың бас киік қосылып отыр. Бүгінде киік саны 2 млн 600 мыңның үстінде болады», - деді ол.Ерлан Нысанбаев киіктерді түнгі уақытта ату көзделіп отырғанын айтты. Министрдің айтуынша, ақбөкендер ауыл шаруашылығына 12 млрд теңге шығын әкелген. Қазақстандық зооқорғаушылар айтуынша, елімізде киіктерді ату науқаны басталғалы ақбөкендер Батыс Қазақстан облысынан Ресей аумағына үдере көшіп жатыр. Дереккөз: https://qaz.ulysmedia.kz/news/10526-kazakstan-kiik-etin-sata-bastaidy/
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 желтоқсан, 2024