Қазақстан үкіметі отставкаға кетті
Жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында ел үкіметі өкілеттігін доғарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ақтөбеде пәтерлердің бірінен екі мәйіт табылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қазақстанда зейнетақы жинағын емделуге жұмсау уақытша тоқтатылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қаңтар, 2026





