жұма, 1 қараша, 2024 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мұнай экспорттаушы 10 елдің қатарына енді - Болат Ақшолақов

Қазақстан мұнай экспорттаушы 10 елдің қатарына енді - Болат Ақшолақов
ашық дереккөзі
Қазақстан мұнай экспорттаушы 10 елдің қатарына енді - Болат Ақшолақов
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ірі мұнай-газ-химия кешендеріне арналған инвестициялар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Болат Ақшолақов «KIOGE-2022» халықаралық мұнай және газ көрме-конференциясы барысында еліміздің энергетика саласын дамытудың басым бағыттарының бірі мұнай-газ-химия саласы екенін айтты. «Жуырда Атырау облысында қуаты 500 мың тонна болатын полипропилен өндіру зауыты іске қосылады. 2024 жылы Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылыс аяқталады. Сонымен қатар, қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна полиэтилен және жылына 186 мың тонна бутадиен өндіру жобалары әзірлеу сатысында. Осы жобаларды жүзеге асыру аясында 2025 жылға дейін шамамен 14 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 14 мыңнан астам жұмыс орны ашылады», - деді министр. Сондай-ақ ол Қазақстан мұнай қоры мен өндіру бойынша әлемде жетекші орындардың бірінде екенін атап өтті. Қазақстан қазіргі уақытта мұнай қоры бойынша әлемдегі 15 елдің қатарына кіреді. «30 жыл ішінде Қазақстанда мұнай өндіру 3,5 есеге жуық өсті – 1991 жылғы 26,6 миллион тоннадан 2019 жылы 90,5 миллион тоннаға дейін. Мұнай экспортының көлемі шамамен алты есеге өсті. Осының арқасында ОПЕК+ деректері бойынша Қазақстан мұнай экспорттаушы 10 елдің қатарына енді», - деді Болат Ақшолақов.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар