жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастар пысықталды

Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастар пысықталды
Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті жай-күйі мен даму перспективалары, биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы екіжақты сапарлар мен бірлескен іс-шаралардың кестесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар