жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан мен ТМД Экономикалық соты өзара құқықтық ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан мен ТМД Экономикалық соты өзара құқықтық ынтымақтастықты күшейтуде
baq.kz
ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының төрағасы Герман Нұрбаевпен кездесті

Қазақстан мен ТМД Экономикалық соты өзара құқықтық ынтымақтастықты күшейтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  baq.kz сілтеме жасап

Басқосуда ТМД кеңістігінде құқықтық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық шарттардың нормаларын біркелкі қолдану және интеграциялық процестердің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Ермек Көшербаев ТМД Экономикалық сотының мемлекетаралық экономикалық өзара іс-қимылды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етудегі және қатысушы елдердің мүдделерін қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Жиында Герман Нұрбаев соттың қазіргі жұмысы, ТМД елдерінің өтініштерін қарау тәжірибесі және халықаралық шарттарға құқықтық қорытындылар дайындау бағытындағы қызметі туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар Қазақстанның ТМД органдарындағы белсенді және сындарлы ұстанымын жалғастыратынын және ұйымның институционалдық негіздерін нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайтынын атап өтті.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар