Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы тарихи рекордқа жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:34
- 57
2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен тасымалданған жүк көлемі 32 миллион тоннадан асып, тарихи көрсеткішке қол жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстанның экспорт көлемі 1 миллион тоннаға артып, 13,7 миллион тоннаны құрады. Экспортталған негізгі тауарлар қатарында темір және түсті металл кендері, қара және түсті металдар, астық өнімдері бар.
Импорт 5%-ға ұлғайса, Қазақстан арқылы транзиттік тасымал 19%-ға артып, 15,3 миллион тоннаға жетті. Еуропа бағытындағы контейнерлік транзит көлемі 43%-ға өскен.
Өсімге Сиань Халықаралық құрғақ портындағы қазақстандық терминалдың ашылуы маңызды ықпал етті. 2024 жылы осы терминал мен Ақтау порты арқылы 300-ден астам контейнерлік пойыз жүріп өтті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 30 есе артық.