Қазақстан олимпиадағы бокс төрешілерінің үстінен шағым түсірді
- авторjambylinfo.kz
- 2 тамыз, 2024
- 490
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті бокстан Париж олимпиадасын ұйымдастырып жатқан Paris boxing Unit ұйымына кейбір қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен төрешілерге шағым түсірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Ұйымдастырушылар төрешілердің жұмысын тексеруді бастаған.
"Олимпиадада бокс турнирін ұйымдастырушылар ескертуді қаперге алып, тексеруге уәде берді. Көрсетілген төрешілердің жұмысын тексеру басталды. Бірақ бұл процедура жекпе-жектердің нәтижесіне әсер етпейді. Регламентке сай, өтіп кеткен жекпе-жектердің нәтижесі өзгермейді. Бірақ төрешілер жұмысында қателік табылса, олар жарыстан шеттетіледі" деп жазды Жанар Өтешова.
Еске салайык, Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына Қазақстанның жеті боксшысы лицензия алған еді. Алайда жеті боксшының бесеуі жарысты ерте аяқтады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
SCAT әуе компаниясы 20 рейстің кестесін өзгертті
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024