Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогында үш медаль жеңіп алды
- авторСадуақас Айсұлу
- 24 ақпан, 2025
- 419

Барлық үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды.
Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Бангкокта (Таиланд) өткен Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық мергендер үш рет күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.
Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.
Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мысырда алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық азамат қолға түсті
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
Жаңалықтар
ТЖМ Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздестіруде
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025