жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 16:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына жол тартты

Қазақстан спортшылары Париж Олимпиадасына жол тартты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бұл Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері қатысқалы отырған сегізінші жазғы Олимпиада болғалы тұр

Қазақстан құрамасы XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына  қатысу үшін Парижге атанды. Кеше Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасында Қазақстан ұлттық құрамасын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

26 шілде мен 11 тамыз аралығында Париж қаласында өтетін додаға Қазақстан құрамасы сапынан 80 спортшы спорттың 25 түрінен бақ сынап, 81 медаль жиынтығына таласады. 

Қазақстан құрамасын шығарып салу рәсіміне Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысып, спортшылар мен жаттықтырушыларға сәттілік тіледі.

"Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының 79 жүлдегерін, оның ішінде 15 Олимпиада чемпионын тәрбиелеп шығарды. Олимпиададағы жетістіктер – бүкіл елдің әлемдегі имиджі, мемлекеттің әл-ауқатының көрсеткіші, ең бастысы, бұл – сіздердің көпжылдық және қажырлы еңбектеріңіздің нәтижесі!», – деді Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі Сена өзенінде өтеді.

Жарысқа 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар