жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Тәжікстанға қару-жарақ жеткізетін болды

Қазақстан Тәжікстанға қару-жарақ жеткізетін болды
ашық дереккөзі
Қазақстан Тәжікстанға қару-жарақ жеткізетін болды
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» қаулы әзірледі.
17 сәуірде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылған. Ол Қазақстан Республикасының 2021 жылға арналған халықаралық шарттар жасасу жоспарына сәйкес қабылданған. CentralAsia мәліметі бойынша, Қазақстаннан Тәжікстанға берілетін қару-жарақ түрлері: 5,45 миллиметр оқ-дәрісі бар ПС - 3 миллион 240 дана; 23 миллиметр патрондар - 20 мың 76 дана; атыс минометтері 82 миллиметр - 10 мың дана. «Мүлік пайдалануға жарамайды және артық мөлшерде, осыған байланысты оны қалпына келтіруге бюджет қаражаты талап етілмейді. Жоба мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді», деді Қорғаныс министрлігі қару-жарақты беру себебін түсіндіріп. Қазақстан әскери мүлікті пойызбен Қазақстан аумағынан (Отар станциясы, Жамбыл облысы) Тәжікстан аумағына (Рохати, Душанбе станциясы) жеткізеді.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар