Жаңалықтар
Қазақстан тауарлардың қымбаттау көрсеткіші жөнінен ЕАЭО-да көш бастады
- авторjambylinfo.kz
- 21 маусым, 2022
- 425
Қазақстан тауарлардың қымбаттау көрсеткіші жөнінен ЕАЭО-да көш бастады
Мамыр айында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта (ЕАЭО) бағаның өсу көрсеткіші бойынша көш бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап. 2022 жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда тұтыну бағаларының индексі Қазақстанда – 101,4%, Беларусьте – 100,7%, Қырғызстанда – 100,3%, Армения мен Ресейде 100,1% болды, - деп жазылған хабарламада.
Бюро дерегінше, биыл мамырда ЕАЭО-ға мүше елдерде жылдық инфляция Ресейде – 17,1%, Беларусьте – 17%, Қазақстанда және Қырғызстанда – 14%, Арменияда – 9% деңгейінде.
Тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар бір жылда Ресейде – 22%-ға, алкоголь мен темекі Беларусьте – 17%-ға, ал тұрғын үй шаруашылығы тарифтері 14%-ға қымбаттаған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






