Қазақстан ТЖМ ұшағымен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- Бүгін, 13:50
- 47
Қазақстан ТЖМ ұшағымен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесі Қызылорда–Алматы бағыты бойынша санитарлық рейс орындап, баланы шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізді.
2019 жылы туған қыз бала Алматы қаласындағы бейінді ауруханалардың бірінде мамандандырылған медициналық көмекті қажет еткен. Осыған байланысты оны жедел эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Ұшақ бортында баламен бірге анасы және санитарлық авиация дәрігерлері болды. ТЖМ экипажы мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде әуе рейсі қалыпты режимде, еш қиындықсыз жүзеге асты.
Ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонып, бала жедел жәрдем бригадасына дәрігерлердің бақылауымен әрі қарай тексеру және ем алу үшін тапсырылды.




