Қазақстанда 500 млн теңге бюджет қаражатына түсірілген “Жизнь” фильмін 325 адам ғана көрген - депутат Мұқаев
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2024
- 333
“Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылардың көбі «өз араларында» қалып жатқандай көрінеді. Өйткені, Ұлттық киноны қолдау орталығының фильмдері не сұранысқа, не халық тарапынан қолдауға ие емес. Тіпті, халық қазынасындағы қаржыны миллиондап құмға құйып жатқандаймыз. Мысалы, 2019-2023 жылдар аралығында отандық 100 фильмге шамамен 23 млрд. теңге бөлінген. Ең қызығы оның барлығы 100 пайыз игерілген. Есебі тапсырылып, кино түсірілген. Енді қараңыздар, Atlas entertainment компаниясы түсірген отандық «Время патриотов» фильміне 1 млрд. қаржы жұмсалса, оның кассалық жинағы небәрі 10 миллион теңге. Бұл кеткен соманың 1 проценті ғана. Келесі, Satai film түсірген «Боксшы» фильміне 900 млн. жұмсалса, кассалық жинақ небәрі 25 млн. теңгені құрады. Фильмнің идеясы, Олимпиада чемпионы Сапиев туралы екенін білесіздер. Бірақ, кино өте сапасыз әрі көрермендерге әсер сыйлай алмады”,-дейді Мұқаев.
Депутат тағы бірнеше компанияның түсірген фильмдерін мысалға алып, 500 млн теңгеге түсірілген мына бір фильмге тоқталды. “Және де, «Жизнь» фильміне 500 миллион кетсе, небәрі 650 мың теңгесі қайтқан. Мысалы, орта есеппен кинотеатрлардағы билеттің бағасы 2000 теңгені құраса, онда бұл фильмді 325 адам көріпті-міс. Сонда сіз болып, біз болып «Жизнь» деген фильмге бюджеттен жарты миллиард кетіріп, 325 адам көру үшін ғана түсірдік пе?! Яғни, мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа түсірілген фильмдерді де халықтың көріп қуанып жатқаны шамалы, отандық киноөндіруші ұйымдардың кинотеатрларда фильмдерді көрсетуінде тағы өзіндік проблема бар. Ол – жарнаманың әлсіздігі, оған арнайы қаражаттың қарастырылмауы. Мемлекет қолдауымен түсірілген фильмдердің жарнамасы жоқтың қасы. Қаншама фильмдер түсіріліп, шаң басқан архивтерде жатыр. Тәуелсіздіктен бері қарай мемлекет қаржысына 600-ден аса фильм түсірілсе, соның ішінде өз-өзін ақтап, пайдаға шыққан фильм тек «Досмұқасан» ғана”,-деген сенімде Мұқаев.jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қар астынан қарасораны қазып, жинаған азамат ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024