Қазақстанда 6 әуежай аумағында арнайы экономикалық аймақтар ашылады
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2025
- 199

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес авиация саласын дамыту және Қазақстанда халықаралық әуе хабтарын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы мақсатта еліміздің ең ірі алты әуежайының аумағында арнайы экономикалық аймақтар ашу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, бұл әуежайлар жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сондықтан негізгі басымдық инфрақұрылымды дамытуға және жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға беріледі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе хабтарын дамыту үшін АЭА ашудан бөлек, бірқатар маңызды шаралар қарастырылған. Олардың қатарында кедендік рәсімдерді оңайлату, жүк тасымалдаушы компанияны құру, әуежайларды жанармаймен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары бар.
Жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыру үшін $2,1 млрд инвестиция тарту көзделген. Сонымен қатар, Үкімет мультимодальды тасымалдауды жетілдіруді, сондай-ақ әуе хабтарын автомобиль және теміржол желілерімен байланыстыруды маңызды деп санайды.
Бұл шаралар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, елдегі логистикалық инфрақұрылымды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз