дүйсенбі, 25 қараша, 2024 18:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда 628 пана іздеуші және 333 босқын бар

Қазақстанда 628 пана іздеуші және 333 босқын бар
ашық дереккөзі
Қазақстанда 628 пана іздеуші және 333 босқын бар
Мигранттарды тіркейтін бірыңғай жүйені құру бағытында ақпараттық жүйелер біріктіріліп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлады Jambylinfo.kz  ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап. «Биылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде 628 пана іздеуші және 333 босқын бар. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азиядағы аймақтық басқармасымен бірлесіп, жоғары айтылған азаматтардың әлеуметтік құқықтары қорғалуын қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, медициналық және әлеуметтік көмек көрсету шаралары әзірленді», - деді Т. Дүйсенова. Оның айтуынша, көші-қон үдерісін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып саналады. Қазір көші-қон ағындарын есепке алу бірнеше мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінде қамтылып отыр. «Сондықтан мигранттарды тіркейтін бірыңғай жүйені құру мақсатында жүйелердің бәрін өзара интеграциялауға кірістік. Қазірдің өзінде Ресей Федерациясы, Моңғолия, Түрікменстандағы мекемелеріміз үшін «Қандас» атты жаңа функционалды автоматтандырылған ақпараттық жүйе іске қосылды. Тағы 26 елді қосу жоспарланған», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанға негізінен қай елдің азаматтары қоныс аударып жатқаны анықталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар