жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қанша бала спорттық үйірмеге барады?

Қазақстанда қанша бала спорттық үйірмеге барады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда қанша бала спорттық үйірмеге барады?
Қазақстанда 4 пен 18 жас арасындағы 4 миллионнан астам баланың үштен бір бөлігі ғана шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына қатысады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов айтты.  
Вице-министр Ерлан Қожағапанов бұқаралық спортты дамыту және мемлекеттік тапсырыстың жаңа механизмі бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндап, ата-аналарға үндеу жасады. «37% деген не? Демек, 1,5 млн бала спорттық және шығармашылық секциялармен, үйірмелермен қамтылған. 2,5 миллионнан астам баланың мұндай мүмкіндігі жоқ. Бүгінде мемлекет жергілікті атқарушы органдар арқылы балалардың үйірмелер мен спорт секцияларына баруын қаржыландырады. Мен барлық ата-аналарды осы мүмкіндікті белсенді пайдалануға, порталға және мемлекет есебінен тіркелуге, кәсіби спорттан алып, балалар мен жасөспірімдер спортына бағыттайтын қаражат есебінен, өз балаларын спортқа, мәдениетке, шығармашылыққа баулуға шақырамын... Бұл бірегей мүмкіндік. Оны белсенді пайдалану керек»,  деді вице-министр. Ақпараттық жүйеге artsport.edu.kz сілтемесі бойынша кіруге болады. Сондай-ақ онда өңірлер бойынша үйірмелер мен секциялардың өзекті тізімі ұсынылған.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар