сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 4:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда Атом энергетикасы агенттігі құрылады: Тоқаев жарлыққа қол қойды

Қазақстанда Атом энергетикасы агенттігі құрылады: Тоқаев жарлыққа қол қойды
Фото: pixabay.com
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жарлыққа сәйкес:

Атом энергетикасы агенттігі құрылып, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган болады. Агенттікке Энергетика министрлігінің уран өндіру, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмысын ұйымдастыруға қатысты міндеттері беріледі.

Агенттік Энергетика министрлігінің осы бағыттар бойынша құқықтары мен міндеттерін қабылдайды.

Үкіметке Энергетика министрлігі мен оның қарамағындағы ұйымдардың кадрлық құрылымын қайта қарау тапсырылды.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Бұған дейін Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы жаңа агенттік құру туралы мәлімдеген болатын.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар