Жаңалықтар
Қазақстанда қай көліктің жүруіне тыйым салынатыны белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 26 желтоқсан, 2023
- 222
Қазақстанда қай көліктің жүруіне тыйым салынатыны белгілі болды
Қазақстанда «Shacman» секілді жүк көлігіне шектеу қойылмақ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Astana.tv-ға сілтеме жасап.
Олар шұрық-тесік етіп, жол сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейді. Сондықтан бұл көлік түрін пайдалануға біздің елімізде тыйым салынады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, алдағы уақытта елордаға кіріп-шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейтін болады. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса, бірден айыппұл салынады.
Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің бірі - "Shacman". Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен, - дейді ҚР Көлік министрі Марат ҚарабаевМинистр бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалғанын айтып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17