Жаңалықтар
Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік
- авторjambylinfo.kz
- 13 қаңтар, 2024
- 792
Қазақстанда балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді - Министрлік
Елімізде балалардың 15,3% пайызы күн сайын интернетте жағымсыз контентпен бетпе-бет келеді. Статистикалық дерекке сүйенсек, балалардың 5% алғаш рет желіге 4 жаста кіреді екен. Мұндай мәліметті Оқу-ағарту министрлігіндегілер ұсынды, деп хабарлайды Жамбылинфо.
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ЮНИСЕФ-пен бірлесе жүргізілген "Kazakhstan Kids Online" ауқымды зерттеуі негізінде Қазақстанда балалардың интернетті пайдалануымен байланысты елеулі сын-қатерлер анықталған. Зерттеудің негізгі қорытындысы цифрлық әлемде балалар үшін қауіптерді азайту және қолдау стратегияларын әзірлеуге бағытталған.
Ведомство дерегінше, интернет бала өмірінің маңызды бір бөлігіне айналуда. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, балалардың 5% желіге алғаш рет төрт жаста, кей жағдайда тіпті одан да ерте жаста кіреді. Ал 9-10 жас аралығындағы балалардың 60% және 11-12 жас аралығындағы балалардың 66% әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында өз аккаунттарына ие.
Ең алаңдатарлық тұжырымдардың бірі − балалардың 15,3%-ы күнделікті, апта сайын немесе кем дегенде айына бір рет интернетте жағымсыз контентпен бетпе-бет келеді. Ол балалардың 11,7% қатты күйзеліске ұшыраған. Бұл мәселе жас ұрпақ арасында киберқауіпсіздікті күшейтудің тез арада қолға алынуы керек екенін көрсетеді делінген министрлік мәліметінде.Статистикалық деректерге сүйенсек, кибербуллингке куә болған балалардың басым бөлігі (52,1%) ол туралы ешкімге айтпауды жөн көреді. Ал ата-аналардың 17,6% ғана тыйым салынған контентті бұғаттау және зиянды материалдарды сүзгіден өткізу құралдарын пайдаланады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Бектөбе ауылында жаңа мектеп ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 желтоқсан, 2025






