сенбі, 17 мамыр, 2025 23:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда денсаулық сақтау мен құмар ойындар туралы заңдарға өзгерістер енгізілді

Қазақстанда денсаулық сақтау мен құмар ойындар туралы заңдарға өзгерістер енгізілді
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау және құмар ойындар саласындағы мәселелер бойынша заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл заңда Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне», «Жарнама туралы», «Құмар ойындары туралы», «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарына өзгерістер енгізілген.

Бірінші блок денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған. Онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтік зерттеулер кезінде амбулаторлық жағдайда көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмек мемлекеттік кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлеміне енгізілді, ал бұл зерттеулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен шығарылды.

Бірқатар өзгерістер есту аппаратымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді көздейді, бұл тек мүгедектігі жоқ науқастарға қатысты.

Екінші блокта букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына тыйым салынды, оны ұялы байланыс абоненттік құрылғыларына және онлайн платформаларға таратуға жол берілмейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі қысқартылып, енді букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасы тек спортқа бағытталған болуы тиіс. Сонымен қатар, бостандықты шектеу немесе шартты жазамен сотталған тұлғалардың құмар ойындарға немесе ставкаларға қатысуына тыйым салынды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар