жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда ең үлкен стадионның құрылысы басталды

Қазақстанда ең үлкен стадионның құрылысы басталды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі
Бұл алып стадион Шымкент қаласында бой көтереді

Қазақстанда ең үлкен стадионның құрылысы басталды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады jambylinfo. kz. 

"Шымкент қаласында еліміздегі ең үлкен стадионның құрылысы басталды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, іргетасын қалады. Алаң Тұран – 2 шағынауданында бой көтереді. 35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді", -деп жазылған хабарламада. 

Стадион құрылысын 2026 жылдың ортасына дейін аяқтау жоспарланған. 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар