Қазақстанда Gold Coin инвестициялық монетасы сатылымға шығады
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2025
- 786
17 наурыздан бастап Қазақстанда алтынға инвестиция салудың жаңа құралы – Gold Coin жобасының ÚKI монетасы қолжетімді болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ÚKI монетасы 1/20 трой унция алтынға байланған, ал оның бағасы Лондон биржасындағы (LBMA) алтынның әлемдік құны мен келісім алдындағы теңге-доллар бағамына қарай белгіленеді.
«Монетаның бағасы халықаралық стандарттар мен ресми валюта бағамдарына негізделіп есептеледі», – деп түсіндірді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Қаржы реттеушісінің мәлімдеуінше, Gold Coin жобасы қазақстандықтарға цифрлық экономика мен заманауи технологиялар жағдайында капитал жинау мен инвестициялаудың баламалы құралын ұсынуға бағытталған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
60 тіл білетін блогер “маймыл тіліне” көшті
Ұқсас жаңалықтар
Биыл ең көп турист барған курорттық аймақ белгілі болды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:18





