Жаңалықтар
Қазақстанда кадр тапшы: Мәулен Әшімбаев мәселе көтерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 ақпан, 2025
- 165

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қазақстанда білікті мамандар тапшы және бұл жағдай алдағы уақытта күшейе түседі.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңды іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелге қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жұмыс күшін дамыту орталығының болжамы бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстан экономикасына әртүрлі салаларда қосымша 1,6 миллион адам қажет болады. Қазірдің өзінде Қазақстанда техникалық және кәсіптік білімі бар 900 мыңға жуық маман жетіспейді.
«Жоғары білімі бар мамандарға қажеттілік 430 мың адамды құрайды. Әсіресе инженерлер, техникалық қызметкерлер, агрономдар, ветеринарлар және басқа да маңызды мамандар сұранысқа ие. Алдағы уақытта бұл үрдіс тек күшейе түседі», - деп түсіндірді Әшімбаев жұма күні парламенттік тыңдауда
Келесі мақала