Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға 63 адам шалдықты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қараша, 2022
- 228
Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға 63 адам шалдықты
Өткен тәулікте коронавирусқа 58 адам шалдықты, сондай-ақ 5 адамнан пневмония анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
10 қарашадағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 725 адам (коронавирустан (КВИ+) – 576, пневмониядан (КВИ-) – 149) емделуде. Олардың ішінде 68 пациент стационарда, 657 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 7 адамның жағдайы ауыр;
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз