Жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді
- авторjambylinfo.kz
- 14 қыркүйек, 2021
- 146
Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді
Қазақстанда коронавирус өсімі 35 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Әлемде COVID-19-пен науқастану және одан өлім-жітімге қатысты ахуал әлі де құбылмалы болып тұр. Әлемде жалпы КВИ-дің 244 млн-нан астам жағдайы тіркелген. Күн сайын 300 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 4,6 млн-нан астам адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірі мәліметтеріне сәйкес, соңғы 2 аптада 54 елдің 26-сында аурудың өсімі байқалады», - деді министр. Оның атап өтуіншше, соңғы 7 күнде коронавирустың ең жоғары өсімі Мажарстанда 100 пайыз, Украина, Польша, Молдовада 60-80 пайыз, Аустрия, Германия, Беларусьте 30-50 пайыз, Черногория, Армения және Израильде 8-20 пайыз болған. Ал Испанияда ауру өсімі 60, Францияда 40, Грузияда 39, Әзербайжанда 16, Италияда 13, Швейцарияда 12, Ресейде 9 пайызға төмендеген. «Қазақстанда ауру өсімі соңғы 2 аптада 35 пайызға төмендеді», - деді Алексей Цой. Соңғы аптада Қазақстанда ауру деңгейі 14 пайызға төмендеп, аптасына 31 мың жағдайдан 25 мыңға дейін қысқарды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз