Жаңалықтар
Қазақстанда мамыр айында ауа райы күрт суытады
- авторБақытжан Бекболат
- 28 сәуір, 2025
- 12.8k

Бұл туралы "Қазгидромет" мәлімдеді
Қазақстанның бірнеше өңірінде сәуірдің соңы мен мамыр айының басында ауа райының күрт суыту күтілуде, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстанға жаңбыр мен найзағай әкелген циклон ел аумағынан шығып кетеді. Оның орнына батыстан антициклон кіріп, жаңбыр тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді, алдымен батыста, содан соң солтүстік пен шығыста", – деп хабарлады синоптиктер.
29 және 30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 сәуір мен 1 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында түнде температура теріс мәндерге дейін түседі деп болжануда.
Келесі мақала