жексенбі, 9 ақпан, 2025 9:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда мектептер саны артып, білім беру инфрақұрылымы жақсаруда

Қазақстанда мектептер саны артып, білім беру инфрақұрылымы жақсаруда
Оқу-ағарту министрлігі
Соңғы екі жылда елімізде 422 жаңа мектеп салынғанының арқасында 500 мыңға жуық оқушыға қосымша орын ашылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жүргізілген жұмыстар өз кезегінде 32 апатты және 71 үш ауысымды мектептің мәселесін шешуге, сондай-ақ 200 мектепте орын тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 8000-ға жуық мектеп бар. Соңғы он жыл ішінде оқушылар саны 1 миллионға өсіп, 3,9 миллионға жетті. Білім беру сапасын арттыру және орын тапшылығын жою үшін мектептерді жаңғырту мен жаңа нысандар салу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Білім беру инфрақұрылымын дамыту "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Мектеп құрылысы республикалық және жергілікті бюджет, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры және жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылады. 2024 жылы 300 мың оқушы орнына арналған 200-ге жуық жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Осы қарқынды жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылға қарай оқушы орны тапшылығы толықтай жойылмақ.

2023-2024 жылдары аралығында 464 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, көктемдегі су тасқынынан зардап шеккен 35 білім беру нысаны қалпына келтірілді. Білім беру сапасын жақсарту мақсатында 2039 мектеп 3130 заманауи пәндік кабинеттермен (робототехника, химия, биология, физика, STEM) жабдықталды.

Елімізде мектептерді жаңғырту және жаңа оқу орындарын ашу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Бұл бастамалар тек орын тапшылығын жоюмен шектелмей, барлық өңірлерде сапалы білім беруге қолжетімділікті арттыруға ықпал етеді.

 

Бақытжан Бекболат

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар