сейсенбі, 7 қаңтар, 2025 12:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда метапневмовирус штамы анықталды

Қазақстанда метапневмовирус штамы анықталды
Фото - ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың таралуына қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, адам метапневмовирусы көптеген елде ұзақ жыл таралған классикалық вирустың бірі. Оның штамы Қазақстанда тұмау өршіген кезде инфекцияның басқа түрімен қатар анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Эпидемиялық маусымның басында елімізде тұмауға жатпайтын вирустардың 8 360 үлгісі зерттелген. 

1,8 мың үлгіде вирус табылған. Оның ішінде 9,5%-ы паратұмау, 23,2%-ы РС вирусы, 36,4%-ы риновирус, 6,1%-ы бокавирус, 12,1%-ы аденовирус, 11,1%-ы коронавирус. 

Метапневмовирус ауа тамшысы арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы жұғады. Инфекцияның негізгі белгісі - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емі жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.
 

Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:

адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;

үй-жайларды үнемі желдету;

қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;

ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;

тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу.

ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар