жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіліп жатыр

Қазақстанда Отбасы күні аталып өтіліп жатыр
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Айтулы күнге орай «Отбасым – менің байлығым» акциясы басталды

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде Отбасы күні тойланады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, елімізде отбасы күні  2013 жылы бекітілген.

Атаулы күннің негізгі идеясы – ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру.

«Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды. Республика бойынша барлығы 1000-нан астам іс-шара өткізіліп, 1 миллион адам қамтылды. Бүгін қазақстандықтар «Отбасым – менің байлығым» акциясын бастады.«Әлеуметтік желіде отбасыңыздың суретін жариялау арқылы акцияға қосылуға шақырамыз», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметінен. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар