дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға қымбаттайды

Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға қымбаттайды
Коллаж: Курсив
Тарифтің қымбаттауына не себеп?

Қазақстанда 2024 жылғы 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20% қымбаттайды. Тарифтің өсуі 140 жолаушы тасымалының 62 бағытына әсер етеді. Көлік министрлігі бағаны көтеруді вагондар паркін жаңарту және пойыздардағы қызметті жақсарту үшін қажет деп түсіндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Курсив сайтының жазуынша, елімізде 140 жолаушы бағыты жұмыс істейді, оның 62-сіне жол жүру ақысының қымбаттауы әсер етеді. 

"Мәселен, барлық стандартты облысаралық пойыздардың орташа тарифі 6 377 теңге болса, 7 652 теңге болады. «Тальго» пойыздарымен жүрудің орташа құны 10 579 теңгені құраса, 12 695 теңге болады. Бұл автокөліктер паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және жұмысшылардың жалақысын арттыру үшін қажет», – деп хабарлады Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомство соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі байқалмағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) атап өтті. Қазақстандағы вагондар паркі 2667 бірлікті құрайды. Олардың тозуы 44%-ға жетеді.

«Вагондар паркін жаңартуды жеке тасымалдаушылар да, ұлттық тасымалдаушылар да жүзеге асырады. Мәселен, 2023 жылы – 118 бірлік, 2024 жылы – 140 бірлік вагон сатып алынса, 2025 жылдан бастап жыл сайын 200 бірліктен астам вагон сатып алу жоспарлануда. 2030 жылға қарай 200 бірліктен аса вагон сатып алу жоспарланған», – деп хабарлады министрлік.

2024 жылдың басында «Қазақстан темір жолының» қарызы 2,9 трлн теңгені құрады. Егер компания өз міндеттемелерін арттыра берсе және оларға қызмет көрсете алмаса, бұл оның дефолтына әкеледі. Бұл туралы Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар