Жаңалықтар
Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына бірнеше ел қатысады
- авторjambylinfo.kz
- 15 қазан, 2022
- 141
Қазақстанда салынатын АЭС құрылысына бірнеше ел қатысады
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда салынатын атом электр стансасына қандай технологиялар қарастырылып жатқанын айтты
«2030 жылға қарай Қазақстанда ірі энергия көзін салу қажет екенін түсінеміз. Қазірдің өзінде Үкімет құрылыс алаңын анықтауға жақын. Құрылыс алаңы ресми түрде анықталғаннан кейін құрылыстың «вендорын» анықтау рәсімі аяқталады. Сарапшылар тобы Түркия, Венгрия, Франция, Оңтүстік Корея, Қытайда жұмыс істеп тұрған және салынып жатқан алаңдарға барып, жасаған үлкен жұмысына сүйенеміз», - деді Алмасадам Сәтқалиев Ақордада БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның атап өтуінше, құрылыс барысында бірнеше ел тәжірибелерін бөлісетін болады.
«Біздің осы алаңдарды аралау барысында құрылысты халықаралық консорциум түрінде жүзеге асыру керек екенін анықтадық. Яғни, бүкіл стансаны бір ел ғана салмайды. Біз ең жақсы технологияны аламыз. Егер ядролық арал туралы айтатын болсақ, Ресей, Корея, Франция ең тиімді технологияны ұсына алады. Егер энергетикалық жабдықтар туралы айтатын болсақ, онда электр энергиясын өндірумен байланысты «General electric» және корей өндірушілерінің ең жақсы технологияларын көріп отырмыз. Егер біз өте маңызды бөлігін, яғни көмекші жабдықтар - автоматика, есепке алу жүйелері, сорғы жабдықтары туралы айтар болсақ, онда көптеген өндіруші бар. Олар негізінен Франция, Германия сынды Еуропа елдерінде шоғарыланған», - деді ол.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов кездесу өткізіп жатыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала