жұма, 5 желтоқсан, 2025 21:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда сапалы жұмыс орындарын арттыру көзделіп отыр

Қазақстанда сапалы жұмыс орындарын арттыру көзделіп отыр
ort.com
Қазақстанда Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітіліп, оған алғаш рет «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді.

Жаңа тұжырымдамаға сәйкес, сапалы жұмыс орны деп өңірлік медианалық еңбекақыдан жоғары жалақысы бар, негізгі әлеуметтік пакеті мен қауіпсіз еңбек жағдайы қамтамасыз етілген және кемінде 6 айға созылатын тұрақты жұмыс орындары саналады.

Асқар Биахметовтің айтуынша, 2025 жылға қарай елдегі сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға дейін жеткізу жоспарланған. Ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында мұндай жұмыс орындарының саны өткен жылмен салыстырғанда 150 мыңға артып, 2 млн 602 мың бірлікті құрады.

«2024–2029 жылдар аралығында жалпы 3,3 миллион адамды, оның ішінде 2,3 миллион жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр», – деді вице-министр.

Биыл өңірлермен бірлесіп 480 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар