Жаңалықтар
Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 есеге өскен
- авторjambylinfo.kz
- 7 шілде, 2022
- 453
Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 есеге өскен
Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,9 ееге артқан. Бұл туралы Санитарлық-эпдемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлім етті. Ол келтірген деректерге қарағанда, елде карантин талаптары жеңілдетілгеннен кейін вакцинация мен ревакцинация қарқыны 2 есеге төмендеп кетті. Халықтың екпе алуға деген белсенділігінің әлсіреуі мен вирусқа қарсы күрес шараларына салғырт қарауының салдарынан соңғы аптада коронавирус инфекциясы бойынша аурушаңдық көрсеткіштері 2,9 есеге жоғарылады. Эпидемиологиялық мониторинг COVID-19 індетіне шалдығу деректерінің 80%-ке жуығы вирусқа қарсы екпе алмаған және соңғы вакциналаудан кейін 6 ай өтіп кеткен азаматтар үлесінде екенін көрсетті. «Бұл вакцинацияның вирусқа қарсы тиімділігін дәлелдейтін тағы бір көрсеткіш»,-дейді ресми өкіл.
Дереккөз: Қазақпарат сайтынан
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Маңғыстау қантты Жамбыл облысынан сатып ала бастады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






