Қазақстанда техникалық талаптарға сай келмейтін қара шайларға тыйым салынды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 18:35
- 1
Уақытша санитарлық шараларды енгізу туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы қаулысы қабылданды, деп хабарлады Jambylinfo.kz elordainfo.kz сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес, Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайдың төмендегі түрлерін әкелуге және өткізуге тыйым салынады:
1) «Апамның шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Orda Trade Astana» ЖШС қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы облысы,
Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
2) «Al-Hayat» Golg қоспалары бар қара шайы, өндірушісі «Empire KENIY E.P.Z. Limited», Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Көкөзек ауылы, 751/2 учаскесі;
3) «БАЛҚИЯ Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, «Аль-Хадия» ЖК қаптамалаған, Қазақстан Республикасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
Дүйсенов көшесі, 25;
4) «Pakistan tea» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27;
5) «Alfarah» түйіршіктелген қара шай, өндірушісі көрсетілмеген;
6) «Aje Onim» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Орда Чай» ЖК, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Кальций» ЖШС тапсырысы бойынша;
7) «Орда Кения» қара шайы, өндірушісі және қаптамалаушысы «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
8) «Аль-Кайрат шәйі Premium gold» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Orda Trade Astana» ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Достық көшесі, 4 Г;
9) «Al-Jannat Premium» түйіршіктелген қара шайы. «Ferdaus» ЖШС өлшеп-орап, қаптамалаған, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Дүйсенов көшесі, 25/159;
10) «Sultan Suleyman» түйіршіктелген қара шайы, өндірушісі «Real Trade Astana» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 27.
«... «Тамақ өнімдерін қаптамалау бөлігінде» (022/2011 КО ТР) техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін шайдың әкеліну және сатылу фактілерінің, шайдың тұтыну қаптамасында көрсетілген өндіріс объектілерінің болмау, өнімнің таңбалауына қойылатын таплаптарды бұзу болып табылатын, құрамында шайда пайдалануға жол берілмейтін тағамдық бояғыштардың (сары «күннің батуы» (Е110), тартразин (Е102), понсо 4R (Е124) болу фактілерінің анықталғанын белгіледім», - делінген қаулыда.





