Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт қашан іске қосылады?
- авторjambylinfo.kz
- 21 маусым, 2021
- 176
Қазақстанда вакцина шығаратын зауыт қашан іске қосылады?
Жамбыл облысындағы қазақстандық вакцина өндіретін зауыттың қашан іске қосылатыны белгілі болды.
«Бізде вакцина өндіретін зауыт салу тәжірибесі болмағандықтан халықаралық ұйымдармен байланыс орнатып, АҚШ, Қытайдан құрал-жабдықтарға тапсырыс бердік. Пандемия кезінде сырт елден тауар әкелу оңайға соқпайды. Айта кетейін, кейбір керек құралдарды Шанхайдан біздің елшілік арқылы алдырдық. Бүгінде қажетті құрал-жабдықтың 99 пайызы елге жеткізілді. Оларды орнату жұмысына Қытай, Италия және Украина мамандары жұмылдырылды», - деді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бүгін аталған зауыттың құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталған.
«Күні кеше ғана техникалық сынақ жасап көрдік, бәрі дұрыс. Құрал-жабдықты толықтай орнатып болған соң технологиялық тұрғыдан тексерістен өтеді. Содан соң Денсаулық сақтау және Білім және ғылым министрліктерінің GMP талаптарын растайтын сертификат беріледі. Ол үшін 1,5 ай уақыт қажет. Сертификат алған соң, лицензия берілуі тиіс. Осылайша вакцина зауытын қыркүйек айында іске қосу жоспарланып отыр», - дейді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз