Қазақстанда ғылыми зерттеулер үшін 156 итбалық алынады
- авторjambylinfo.kz
- 20 ақпан, 2025
- 205

Ауыл шаруашылығы министрлігі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген балық түрлері мен басқа да су жануарларының шектеулі санын алуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын әзірледі., - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қаулы жобасы ғылыми ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Министрлік балықтарды алу қатаң шектеулі мөлшерде және уәкілетті органның бақылауымен жүзеге асырылатынын атап көрсетеді. Құжатқа сәйкес, табиғи мекендеу ортасынан мынадай мөлшерде жануарлар алынады:
156 каспийлік итбалық,
500 кг Арал шөміші,
300 кг Арал ақтамағы,
300 кг нельма,
26 кг каспийлік қызыл балық.
Зерттеулер осы түрлердің популяциясын зерттеп, оларды сақтау және қалпына келтіру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз